Новости

Қарағанды техникалық университетінде «Әлеуметтік желідегі экстремизм мен терроризмнің таралу қаупі» атты студенттермен ашық диалог өткізілді

Қарағанды техникалық университетінде «Әлеуметтік желідегі экстремизм мен терроризмнің таралу қаупі» атты студенттермен ашық диалог өткізілді

2021-02-26

Қарағанды техникалық университетінде «Әлеуметтік желідегі экстремизм мен терроризмнің таралу қаупі» атты студенттермен ашық диалог өткізілді. Жиналған жастарға зайырлы мемлекет ұғымы түсіндіріліп, деструктивті-радикалды топтардың шырмауына ілінбеу жолдары жеткізілді. Әсіресе, интернеттегі күмәнді діни топтар мен парақшалардан барынша сақ болуды ерекше атап өтті. Себебі, деструктивті-радикалды топ мүшелері дәстүрлі емес діни бағытты насихаттап, ой-өрісі енді қалыптасып келе жатқан жастарды адастыруда. Семинарға қатысушы студенттер қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық алаңда белсенділік танытты. Осындай іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.



Комментарии

0 Комментариев

Оставьте комментарий

Ответить